Қазақстан қалаларының тұрғындарына арналған сауалнамаға қатысыңыз
Сізді Қазақстан Республикасының ірі қалаларының тұрғындары арасында жүргізілетін социологиялық сауалнамаға қатысуға шақырамыз.
Сауалнама қазақстандық ғалымдар тобы жүзеге асырып жатқан ғылыми жоба аясында өткізіледі: ИРН АР19677682 жобасы «Қазақстан Республикасының ірі қалаларының тұрақты дамуын кешенді географиялық бағалау».
Сауалнаманың мақсаты – халықтың өмір сапасының субъективті көрсеткіштерін зерттеу.
Зерттеуімізге көмек көрсеткеніңіз және шынайы жауаптарыңыз үшін Сізге үлкен алғыс білдіреміз.
Бұл ғылыми жоба, оның нәтижелері аймақ халқының өмір сапасына әсер ететін түрлі мәселелерді жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді және мемлекеттік органдардың тиімді шешім қабылдауына көмектеседі.
Сауалнамаға қатысу толығымен ерікті және анонимді. Сіз кез келген уақытта сұрақтарға жауап беруден бас тарта аласыз. Жеке деректер пайдаланылмайды, тек әлеуметтік-демографиялық сипаттағы жиынтық ақпарат қана қолданылады. Барлық жиналған мәліметтердің құпиялығы толық сақталатынына кепілдік береміз.